Қазақстанда қанша бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр

Қазақстанда көпбалалы отбасылардың саны өсуде. Егер 2019 жылы елде 250 мың көпбалалы отбасы болса, қазір олардың саны – 545 мың.

Фото: Shutterstock

Елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда аз қамтылғандар саны азайып келеді, бірақ көпбалалы отбасылардың саны өсуде. Егер 2019 жылы елде 250 мың көпбалалы отбасы болса, қазір олардың саны – 545 мың.

Журналистер бейінді ведомство елімізде аз қамтылған отбасылардың саны өспеуі үшін тыйым салу жолымен аз қамтылған отбасылардағы бала туу көрсеткішін азайтуға ниетті ме деген сұрақ қойды.

Қазір Қазақстанда аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Бірінші тамыздағы жағдай бойынша АӘК-ті 539 мың адам немесе 102 мың отбасы алады.

«Егер өткен жылмен салыстырсақ, өткен жылы АӘК 700 мыңнан астам адамға немесе 141 мың отбасыға төленді. Көріп отырғанымыздай, АЕК алушылар саны азайып келеді. Қазір балалардың үлесі 65% немесе 355 мың баланы құрайды. 1 қаңтардан бастап осы отбасыларда тұратын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қосымша кепілдендірілген төлем алады. Әр бала үшін 1,5 АЕК (5175 теңге) төленеді», — деді вице-министр.

Сондай-ақ, журналистер вице-министрден “Қазақстанда бір айда 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?” деп сұрады. Назгүл Сағындықова сұраққа тікелей жауап бере алмады, бірақ біліктілігі төмен қызметкерлер осындай жалақы алуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев әрбір қазақстандық 85 мың теңгеге өмір сүре алатынын айтқан болатын.

Дереккөз: Ulysmedia.kz.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-11
Утром2.04 ℃
Днем4.02 ℃
Вечером2.77 ℃
Ночью1.99 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.51 м/с
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с