Батыс Қазақстан облысында 3 жылда отшашуға 32 миллион теңге жұмсалған
2018, 2019 және 2022 жылы Орал мен Ақсай қаласындағы мерекелерде отшашу ұйымдастыруға бюджеттен 32,09 млн теңге бөлінген екен.

Өткен жылы қала күніндегі отшашуға 5 миллион теңге, Республика күніне 4,4 миллион теңге, жаңа жыл қарсаңында 4,6 миллион теңге кетті. Ал 2019 жылы 7 миллион, 2018 жылы 10 миллион жұмсалған.
Жергіліктің әкімдіктің хабарлауынша, биыл да қала күніне отшашу ұйымдастырылмақ. Алайда бұл жолы нақты қанша қаражат бөлінетіні әлі шешілмеген.
Дереккөз: Оrda.kz