Күздің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы біртіндеп +25…+30 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай және қатты желмен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжануда.
Ауа температурасының ең үлкен төмендеуі республиканың солтүстігінде күтіледі, түнгі уақытта ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 жылу болады.
Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 25-30 жылуға дейін көтерілуі болжанады.