БҚО-да әлем чемпионына пәтер кілті табысталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы Нұрлан Исатаевты қабылдады.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ол күні кеше Хорватияның Загреб қаласында өткен кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Облыс әкімі жас спортшының бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

– Өзіңдей жастар – ел мақтанышы. Сен тек облыс атын ғана ұлықтамай, қазақ елін әлемге танытасың. Біз сені мақтан етеміз деп, – сөзін сабақтаған облыс әкімі жас чемпионға пәтер кілтін табыс етті.

Әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаев Қазақстан құрамасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 23-27 тамыз аралығында өткен бұл біріншілікке әлемнің 64 елінен 570-тен астам спортшы қатысты. Іріктеу кезеңінде ол Түркіменстан, Армения және АҚШ-тың қарсыластарын жеңді. Өз тобында бірінші орын алған Нұрлан жартылай финалда отандасы Оралбек Байзақпен кездессе, финалда грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, белдесу қосымша уақытқа өтіп, жерлесіміз мықтырақ болып шықты.

Жас чемпионның отбасы Ресейден көшіп келген. Ол Қазақстанның азаматтығын наурыз айында алыпты. Ол биылдан бастап олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 10 сыныбына қабылданған.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Нұрлан Исатаев Батыс Қазақстан облысынан шыққан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы.

«Өте қуаныштымын. Облыс әкімдігі тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Мен ел үмітін ақтап, әлемге танымал болғым келеді» дейді жас чемпион.

Салтанатты кездесуде Нұрлан Исатаевтың жаттықтырушысы Алтынбек Сұпығалиевке бір миллин теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

4 × one =

x
2024-03-03
Утром-15.14 ℃
Днем-6.62 ℃
Вечером-8.88 ℃
Ночью-14.52 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.06 м/с
2024-03-04
Утром-16.94 ℃
Днем-7.26 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-13.99 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.1 м/с