Батыс Қазақстанда 10 мектептің құрылысы ұзаққа созылып кетті

Батыс Қазақстан облысында 10 мектептің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмысы ұзаққа созылып кетті.

«ОА» мұрағатынан

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің айтуынша, мұндағы басты себеп – мердігерлердің жұмысты ұйымдастыра алмауы, міндеттемелеріне деген жауапсыздығы.

Оның сөзіне қарағанда, жарты жылда аяқталуы тиіс күрделі жөндеу жұмыстары 1,5 жылға, кейбір білім ошақтарының құрылысы 4 жылға созылып кетті. Соған байланысты биыл осы мәселені шешу үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құзырлы мемлекеттік органдармен жұмыс тобын құрып, тікелей өз бақылауына алды.

«ОА» мұрағатынан

Соның ішінде екінші жартыжылдықта Казталов ауданындағы үш проблемалық мектеп мәселесін шешу жоспарланған болатын. 2020 жылы құрылысы бастау алған Казталов ауданы Жұлдыз ауылындағы 108 орынға арналған мектептің бұрынғы мердігері соттың шешімімен жозықсыз деп танылды. Құрылысты аяқтау үшін қайта конкурс өткізіліп, жаңа мердігер анықталып, мектеп 23 тамызда салтанатты түрде ашылды.

Казталов ауылында 600 орынға арналған мектептің құрылысы 2020 жылы басталды. Ол пандемия кезеңіне тап келіп, осыған байланысты мердігер компанияда жұмыс күштерін ұйымдастыру мен қаржылық қиындықтар туындады. Қазір бақылау күшейтіліп, мектепті пайдалануға беру биыл 1 қарашаға жоспарланды.

«ОА» мұрағатынан

Қаратөбе ауданында 2022 жылы су тасқынынан зардап шеккен Шалғын ауылында 60 орындық мектеп құрылысы басталды. Биыл міндеттемесін орындай алмаған мердігермен келісімшарт бұзылды. Конкурс жарияланып, жаңа мердігер анықталды. Бұл оқу орны жыл соңына дейін іске қосылмақ.

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, Орал қаласында 400 орынға арналған №31 мектептің құрылысын жеке инвестор 2020 жылы бастаған еді. Әйтсе де жобаға түзетулер енгізу, жер телімінің сәйкессіздігі секілді түрлі себептермен мектеп құрылысының мерзімі 3 жыл бойы созылып келеді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей араласуымен аталған мектептің жер телімі мемлекетке қайтарылды. Қазір облыстық құрылыс басқармасымен нысан құрылысын бастау мақсатында білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды.

«ОА» мұрағатынан

Сол секілді Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында Жәңгір хан атындағы мектепті күрделі жөндеуге 2022 жылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп, мердігер анықталған болатын. Алайда жыл соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталмады. Бұл мердігер де мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды. Дегенмен жөндеу жұмыстары жалғастырылып, жергілікті атқарушы органның бақылауына алынып, жаңа 2023 оқу жылы қарсаңында мектеп ашылады.

Казталов мектеп-лицейінің ғимаратын күрделі жөндеуге 2022 жылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді. Тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз берді. Алдын ала әңгімелесу барысында сот объектіні аяқтау бойынша бітімгершілік келісімге келуді ұсынды. 2023 жылдың ақпанында тапсырыс беруші мен мердігер арасында бітімгершілік келісім жасалып, жұмыстар жалғасты. Мектеп биылғы 1 қыркүйекте ашылмақ.

«ОА» мұрағатынан

Тағы бір түйткілді мәселе, Орал қаласында дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейін күрделі жөндеу 2021 жылы басталған болатын. Өндірістік жұмыс кестесінің бұзылуына байланысты сотқа шағым түсірген тапсырыс беруші сот шешімі негізінде мердігермен шартты бұзып, жосықсыз қатысушылар тізіміне енді. Бұл білім ордасындағы оқу үрдісі 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Орал қаласының орталығында орналасқан бұрынғы эстетикалық бағыттағы гимназия ғимаратында ыңғайластырылып, ұйымдастырылып жатыр. Нысандағы жұмыстардың тоқтап тұрғанына 6 айдан астам уақыт өтуіне байланысты тапсырыс берушімен заңға сәйкес қайтадан техникалық тексеру жүргізуге шаралар қабылданып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін қорытындының нәтижесін күтіп отыр.

Ақжайық ауданы Базартөбе кентіндегі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге 2022 жылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп, тамызда басталып, желтоқсан айында аяқталуы тиіс болатын. Келісімшарттағы мерзімдерді сақтамаған мердігермен шарт бұзылып, жосықсыз қатысушы деп танылды. Дегенмен мердігерге 2023 жылдың қараша айына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау бойынша тапсырма берілді.

Дәл осындай жағдай 2022 жылдан созылып келе жатқан Бәйтерек ауданының Чувашин және Раздольный мектептерінің күрделі жөнделуінде де көрініс тауып отыр. Мердігердің жауапкершілігінің төмендігінен жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып, сот процестерімен жалғасты. Аталған мектептердегі күрделі жөндеу жұмысын жаңа оқу жылының екінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі, Казталов мектеп-лицейі, Ақжайық ауданы Базартөбе кентіндегі, Бәйтерек ауданының Чувашин және Раздольный ауылындағы мектептерді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесі аясында анықталған мердігер – «Градстройсервис» компаниясы.

«ОА» мұрағатынан

«Айта кетейін, облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 23 мектептің құрылысына қаражат бөлінді. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 8 мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, 15-і облыстың 7 ауданында «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынып жатыр.

Бұл мектептердің 17-сін осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 16 200 орындық 18 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Соның ішінде 9 мектептің құрылысын осы жылы бастап 2024 жылы аяқтау, қалған 9-ының құрылысын 2024 жылы бастап 2025 жылы аяқтау көзделген. Бүгінде 8 мектептің құрылысына мердігерлер анықталып, бесеуі бойынша жұмыс басталды», – деді Б.Нарымбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да үш мектепті жөндеу құрылысы әлі аяқталмаған

Оқушылар қонақ үйде оқыған: БҚО ауыл тұрғындары мектептегі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды

БҚО-да үш мектепті жөндеу құрылысы әлі аяқталмаған

Үш жылдан бері салынып жатырған мектеп құрылысы неге тоқтады?

Оралдағы билік қыркүйек айында №31 мектептің құрылысын қайта бастауға ниетті

Оралдағы №31 мектеп стадионының бір бөлігін көпқабатты үйдің құрылысына берудің заңдылығын тексеруден мемлекеттік органдар бас тартты

Дереккөз:Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-25
Утром16.5 ℃
Днем24.63 ℃
Вечером23.32 ℃
Ночью17.45 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра8.5 м/с
2024-07-26
Утром13.61 ℃
Днем20.82 ℃
Вечером21.8 ℃
Ночью14.75 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.09 м/с