БҚО-ның Жалын ауылында жаңа мектеп ашылды

Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Жалын негізгі орта мектебінің ескі ғимараты ширек ғасырдан астам уақыт бұрын салынған.

25 орындық мектептің іргетасы 1970 жылы қаланыпты. Ал 1999 жылы ол қазақ мектебі болып ашылған.

Бүгін қолданысқа берілген су жаңа ғимарат 54 орынға лайықталған. 1 ауысымда 1-4 сынып аралығындағы 47 оқушы білім алады. 

«Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 9 оқушы қабылданса, мектепалды даярлық тобында 5 бала тәрбиеленеді. «Балдәурен» шағын орталығында 15 тәрбиеленуші бар. Мектепте 21 педагог қызмет атқарады: педагог-зерттеуші –1, педагог-сарапшы – 7, педагог – модератор – 9, санатсыз – 4 маман», – деді мектеп директоры Анар Ақболатова.

Мектеп басшысының өзі 21 жылдық жалпы еңбек өтілі бар тарих пәнінің мұғалімі. 

Жаңа ғимаратта 14 оқу кабинеті: «Балдәурен» шағын орталығы, мультимедиа кабинеті, ұлдар мен қыздар шеберханасы, спорт залы, кітапхана, асхана, медбике бөлмесі, зертхана (химия, биология, физика) бар.

Интернет желісі әр кабинетке жүргізілген. Кабинеттерге 29 компьютер қойылып, 11 интерактивті тақта орнатылған. Ғимарат құрылысы 2023 жылы қаңтарда басталып, қыркүйек қарсаңында ақталып отыр.

Бұл күні жүздері бал-бұл жайнаған балалардың қуанышында шек болған жоқ. Шағын мектеп барлық заманауи қажеттілікпен қамтылған. Мектептің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Бақытжан Нарымбетов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа оқу жылымен, жаңа мектептің қолданысқа берілуімен құттықтады.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-20.63 ℃
Вечером-19.33 ℃
Ночью-22.5 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.24 ℃
Днем-16.08 ℃
Вечером-11.19 ℃
Ночью-8.15 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.45 м/с