Облыстық деңгейдегі қала әкімдері сайланатын болды

Сапалы мамандар тәрбиелеу қажет.

Фото: ашық дереккөз

Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдері сайланатын болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысы қайта қаралуы қажет.

Басқаша айтқанда, қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады. Соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады. Қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды, – деді президент.

Сондай-ақ ол жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейтініне назар аударды.

Кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек. Сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн. Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром18.71 ℃
Днем23.7 ℃
Вечером24.29 ℃
Ночью20.18 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром16.67 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером25.16 ℃
Ночью18.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.29 м/с