Елімізге тыйым салынған тауарларды әкелгендерге қанша айыппұл салынды

Жыл басынан бері үшінші елдермен шекарадағы (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) өткізу пункттері кедендік операцияларды жасау кезінде тыйым салу және шектеу талаптарын бұзудың 410 фактісін анықтаған.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің автомобиль өткізу пункттерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлардың өтуін бақылауды жүзеге асырады.

2023 жылдың басынан бастап кедендік операцияларды жасау кезінде тыйым салу және шектеу талаптарын бұзудың 410 фактісін анықталды.

Оның ішінде:

153 жағдайда жалпы салмағы 50,4 тонна болатын мұнай өнімдері анықталып, заң бұзушыларға 7,9 млн. теңге айыппұл салынып, тауарлар мемлекет пайдасына өндірілді;

28 жағдайда жалпы салмағы 33,7 тонна болатын балалар ойыншықтары анықталды, тауарларды мемлекет пайдасына өндірусіз
1,3 млн. теңгеге айыппұл салынды;

– 96 жағдайда әртүрлі тауар топтары бойынша рұқсат құжаттарын ұсыну тәртібін бұзуға қатысты (жуғыш заттар, мотор майлары, пайдалануда болған шиналар және басқа да тауарлар) 6,6 млн.теңге сомасына айыппұл салынды.

133 жағдайда 2,5 млн АҚШ долларына баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын әкетудің және 41,2 млн. теңге сомаға салмағы 1,5 кг алтын құймаларды әкету бойынша мемлекет пайдасына өндірусіз 6,9 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Бұл фактілер салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тауарды тасымалдау туралы енгізілген тыйымдарды бұзуға тырысқанын көрсетеді.

Бұған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жол бермеген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером29 ℃
Ночью22.99 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с