2024 жылдан бастап қазақстандық оқушылар жаппай нашақорлыққа тексеріледі

Қазақстан ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов 2024 жылдан бастап есірткі қолданатындарды анықтау үшін оқушылар арасында міндетті скрининг енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында Әмірханов 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында оқушылар арасында скрининг жүргізуді қамтитын кешенді жоспар іске асырылатынын мәлімдеді.

«Біз бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан пысықтауымыз керек, өйткені ол әр адамға қатысты. Әсіресе, мектеп оқушылары туралы сөз болғанда – бұл мәселе өте өзекті. 2012 жылы мектеп оқушыларын тестілеу мәселесі көтерілді және көптеген ата-аналар қарсы болды. Қазір барлық ата-аналар қолдап отыр. Көпшілік тексеру жүргізілгенін қалайды, өйткені нашақорлықты бақылау қиын», – деді ІІМ департаменті басшысының орынбасары Ulysmedia сұрағына жауап бере отырып.

Бақытжан Әмірханов оқушылар арасында мәжбүрлеп тестілеу өткізілмейтінін атап өтті. Бұл ретте мемлекеттік органдар медициналық комиссиядан өту үшін қажетті талдаулардың тізбесін дайындайды.

Бастапқы кезеңде психологтардың қатысуымен ассист-тест өткізу жоспарлануда. Яғни, психологтар есірткіні қолданатындарды анықтау үшін мектеп оқушыларын психотесттер арқылы тексереді.

Бұған дейін Әмірханов Қазақстанда жыл сайын оқушылар арасында «синтетикалық» нашақорлардың саны артып келе жатқанын айтқан болатын. Денсаулық сақтау органдарының деректері бойынша Қазақстанда есірткіге тәуелді 18 200 адам есепте тұр. Оның ішінде 1500-і әйел және 100-ге жуығы кәмелетке толмағандар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.48 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с