Қазақстанда жемқорларды ұстап бергендерге қанша сыйақы төленеді

Елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған немесе өзге де жолдарымен көмек көрсеткендерге сыйақы беруді көздейтін бұйрыққа қол қойылды.

Құжатта жазылғандай, жемқорлық қылмыстарын анықтауға көмектескен ақпарат үшін біржолғы ақшалай сыйақы мына мөлшерлерде белгіленді:

– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (103 500 теңге);

– онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (138 000 теңге);

– ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (172 500 теңге);

– ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (241 500 теңге);

– аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (345 000 теңге).

«Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1 000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10 пайызы, бірақ 4 000 АЕК-тен көп емес», – делінген құжатта.

Бұйрық 15 қыркүйекте күшіне енеді.

Дереккөз: Ulysmedia.kz.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с