БҚО-да мал сою орындарының 70 пайызында бейнебақылау камералары орнатылды

Бұл осы кәсіппен айналысатын адамдардың өздері үшін керек. Олар өз есебінен бейнебақылау камераларын орнатса, бәрі де алақандағыдай көрініп тұрады.

Ашық дереккөзден

БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің мәлім еткеніндей, жыл соңына дейін барлық мал сою орындары осындай қондырғымен қамтамасыз етілетін болады.

Оның сөзіне қарағанда, бұл осы кәсіппен айналысатын адамдардың өздері үшін керек. Олар өз есебінен бейнебақылау камераларын орнатса, бәрі де алақандағыдай көрініп тұрады.

Департамент бастығының айтуынша, облыста мал ұрлығы мәселесі өте өзекті болып отыр.

Күні бүгінге дейін 94 мал ұрлығы тіркелсе, соның 47-сі ашылған жоқ. Соның ішінде 12-сі ауыр қылмыстар санатына жатады.

«Облыстық және қалалық батальондар мал тасымалдаумен айналысатын көліктерді ұдайы тексеріп жатыр. Соның нәтижесінде күні кеше ұрланған малды тиеп алып келе жатқан, бұрыннан есепте тұратын жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жолдар бақылауға алынғаннан кейін ұрылар басқа амалға көше бастады. Мысалы, Сырым және Жаңақала ауданында өздерінің атына тіркелген мылтықпен малды далада атып өлтіріп, сойған деректері де тіркелді», – дейді Арман Молдиярұлы.

Департамент бастығы облыс әкімінің қолдауымен аталған батальондардың жыл соңына дейін 90 автокөлікпен қамтылатынын жеткізді.

Ол сондай-ақ Орал қаласында «Кибер-шериф» кешені іске қосылатынын айтты. Шаһар жылдамдық өлшеу құралдарымен де толық қамтылатын болады. Ақсай қаласында да қазан айының аяғына дейін бейнекамералар мен жылдамдық өлшеу қондырғылары орнатылады. Алдағы жылдың бірінші тоқсанында Ақсайда жедел басқару орталығы жұмыс істейтін болады.

«Малды чиптеу де маңызды. Терінің астына енгізілген чипті сканерлесе, малдың кімдікі екені белгілі болып тұрады. Оның және бір тиімділігі, жоғалмайды. Жалпы, мал ұрлығының алдын алу бағытында заманауи тәсілдерді енгізудеміз. Айталық, бір волонтер дрондарды қолдану жөнінде ұсыныс жасады. Сондай-ақ оған полиция қызметкерлерін үйретпекші. Бұл дрондармен тек күндіз емес, түнгі уақытта да малды бақылауға болады екен. Мұны да қарап көреміз», деді А.Оразалиев.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.99 ℃
Днем6.01 ℃
Вечером5.7 ℃
Ночью2.84 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра10.38 м/с
2025-04-29
Утром1.18 ℃
Днем9.77 ℃
Вечером11.62 ℃
Ночью7.23 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.57 м/с