Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін

Хакерлер жалған NCALayer интернет-ресурсын ойлап тапқан, оны ашқан кезде компьютерге зиянды бағдарлама орнатылады.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қазақстандықтарға хакерлердің жаңа айласы туралы ескертті.

Бүгінде мемлекеттік қызметті алуға өтінімге қол қою үшін NCALayer қосымшасы қолданылады.

Мемлекеттік техникалық қызмет осы бағдарламаның фишингтік hxxps://ncalayer.info/update.php интернет-ресурсын анықтаған. Сілтемені ашқан кезде NCALayer-ді жаңарту үшін «Trojan Downloader» зиянды бағдарламасы жүктеліп, іске қосылады.

«Салдарынан қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты оқуға, парольдерді, соның ішінде браузерлерден ақпарат алуға, сондай-ақ үшінші тарап қолданбаларын орнатуға мүмкіндік алады», – деп мәлімдеді МТҚ.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мұндай бағдарламаларды жүктемеуге, орнатпауға және күдікті сілтемелерге өтпеуді сұрады.

«Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға қауіп төндіруі мүмкін», – деп ескертті олар.

KZ-CERT домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат жолдады.

МТҚ атап өткендей, электронды цифрлық қолтаңба үшін қажет NCALayer бағдарламасын мына ресми интернет-ресурстен https://ncl.pki.gov.kz/kz/ орнатып алуға болады.

Дереккөз: sputnik.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с