Дәрігерлер қордан көбірек ақша шығару үшін өлген адамдарға да дәрі-дәрмек жазған

Ауруханалар мен емханалар медициналық қызметтердің бағасын артығымен көрсетеді, я болмаса, сапасы төмен қызметті қымбаттатып қояды.

Медициналық сақтандыру қорының есебінен өлген адамдарды «емдеу» жағдайлары анықталды. Бұл туралы ұйымның басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл алты айдың ішінде 8,8 млрд теңгеге тәртіп бұзушылық анықталды. Ауруханалар мен емханалар медициналық қызметтердің бағасын артығымен көрсетеді, я болмаса, сапасы төмен қызметті қымбаттатып қояды. Осындай жолмен сақтандыру қорынан қыруар қаржы алады. Бұдан бөлек, пациенттер мен қызметтердің санын көбейтіп жазу жағдайлары аз емес.

«Мәселен бір адамның 52 тісін бір күннің ішінде емдеген. Ал кейбір медициналық оңалту ұйымдарында бір маман айына 1600 рет қызмет көрсеткен. Ал 20 жұмыс күнін және 8 сағаттық уақытты ескерсек, 80 процедура жасау үшін ондай маманға кем дегенде 40 сағат керек», – деді Мұхамеджан орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұдан бөлек, науқас стационарда жатқан уақытта емханада оған диагностикалық қызмет көрсетілгені туралы мәлімет енгізіледі. Сол үшін медициналық қордан ақша аударуды сұрайды.

«Резонанс туғызған оқиғалар да бар. Мәселен, өлген адамдарға дәрі-дәрмек жазылып, медициналық сақтандыру қоры аясында қызмет көрсетіліп жатады», – деп атап өтті Мұхамеджан.

Оның айтуынша, дәрігерлер қордан ақшаны көбірек алу үшін жедел жәрдемді де пайдаланады. Биыл ондай қызметке 37 миллиард теңге бөлінді. Ал шын мәнінде ол адамдарды емханада қарауға болатын еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с