Каспий таязданып барады: теңізді тереңдетуге ондаған миллиард қаржы керек

«Қазгидромет» мамандары 6-7 жылда Каспий теңізінің деңгейі жылына 23 см-ге төмендей беретінін ескертті.

фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Ақтау және Құрық порттарында акваториядағы тереңдікте және жақындау арнасында өткір мәселе туындай бастағанына байланысты кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тереңдету жұмыстарын жедел жүргізу қажет.

«Алдын-ала есептеулер бойынша тереңдету жұмыстарының құны 40,4 млрд теңгені құрайды. Жобалық құжаттама әзірленгеннен кейін нақтылау қажет болады. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі таңда қаржыландыру көзі мен механизмі анықталуда», – делінген ведомство хабарламасында.

Порт жағалауының қазіргі тереңдігі орташа есеппен 4,9 метрді құраса, стандартты навигация деңгейі 6,11 метр. Бұл кемелерді тек 75 пайызға ғана тиеуге мүмкіндік береді. Тереңдету жұмыстары аяқталғаннан кейін кемелер толығымен тиеледі. Бұл қазақстандық порттар арқылы жүк айналымын 25-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтауда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Экс-министр Сүлейменова теңіздің тартылу себебін түсіндірген.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Каспий теңізі тартылып барады: Ғарыштан түсірілген фото көрсетілді

Каспий теңізі соңғы 15 жылда 2 метрге тартылған

Каспий теңізінің тартылуы әлемдік экономикаға кері әсер етуде

Қарт Каспийдің хәлі мүшкіл – министрлік түсініктеме берді

Каспий теңізі жаһандық жылынудың салдарынан жойылып кетеді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-18
Утром15.28 ℃
Днем22.83 ℃
Вечером22.68 ℃
Ночью18.67 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.55 м/с
2025-05-19
Утром18.22 ℃
Днем20.53 ℃
Вечером20.58 ℃
Ночью15.24 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра9.14 м/с