Бала асырап алушыларға жауапкершілікті күшейту ұсынылды

Соңғы жылдары оларды қайтару дерегі жиілеген.

Сенатор Амангелді Толамисов Қазақстанда баланы асырап алып, оны балалар үйіне қайтарған отбасыларға жауапкершілікті күшейту ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттың пікірінше, Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны азаймағанымен, асырап алынған балаларды қайтару мәселесі де өзекті болып түр.

Соңғы 5 жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару фактілері 64%-ға артқан. Баланы асыраудан бас тартқан ата-анаға мемлекет тарапынан берілген 75 АЕК (258 750 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) көлеміндегі қаражатты мемлекетке кері қайтару, алимент төлеу және екінші рет бала асырап алу мүмкіндігінен айыру сияқты жауапкершілік шаралары заңда қарастырылған. Мұндай жағдайлар баланың психикалық денсаулығына қатты әсер етеді. Сонымен қатар, балалар еңбегін пайдалану фактілері де тіркелген, – деді Амангелді Толамисов Сенаттың жалпы отырысында.

Ол бүгінде Бала асырап алу ұлттық агенттігі барын атап өтті. Мекеме бала асырап алушыларды 3 жылға дейін толық бақылауда ұстап, арнайы сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

«Агенттік аясында ата-аналарға сүйемелдеушілік көмек, психолог, заңгер сынды мамандардың қызметі ұсынылады. Алайда, бұл мемлекетттің мүмкіндігі барлық ел аумағын қамтуға әлі де жетпейтіні белгілі. Бұдан келіп туындайтын мәселе – бала асырап алуға ниет білдірген азаматтармен жұмыс істейтін орталықтардың ауқымын кеңейту, әлеуметтік қызметкердің санын көбейту қажет», – деді сенатор.

Депутат баланы асырап алып, қайтарған жағдайда оның салдары да болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұны қазақстандықтар білуге тиіс. Осыған байланысты ол тиісті ақпаратты eGov.kz порталына енгізуді ұсынады.

Тиісті ақпарат қатарына асырап алынған баланы қайтару фактісі болса, оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат та енгізілуі керек. Сондай-ақ бала асырап алған ата-аналарға арналған арнайы мамандандырылған мектеп немесе орталықтардың жұмысын кеңейту маңызды. Белгілі бір уақыттан кейін асырап алған баладан бас тартқан отбасыларға заң жүзінде жауапкершілікті күшейту, моральдық шығын ретінде қомақты мөлшерде айыппұл салу мәселесі қарастырылу керек, — деді Амангелді Толамисов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром26.37 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с