Баспана кезегін қалай тексеруге болады

Қазақстанда баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам заң талаптарына сай емес болып шықты.

Фото: ашық дереккөзден

Сондықтан көбісін кезектен алып тастайды. Сол кезде үй кезегінде тұрғандардың нөмірі өзгереді. Sputnik Қазақстан баспана кезегін тексеру тәртібін ұсынады.

Баспана кезегін және нөмірін көруге болады

Бүгінде баспана кезегінде тұрған кез келген адам өзінің нөмірін eGov порталы арқылы тексере алады. Алдымен электронды цифрлық қолтаңбамен авторизациядан өту керек. Одан кейін «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы кезектің нөмірін қарау» қызметі таңдайды. Ол жерде екі бөлім бар.

Мәліметтерді енгізетін жерге кезектегі адамның ЖСН немесе тегі, аты және туған күні туралы ақпаратты теру керек. Нәтижесі бірден көрсетіледі.

Бұдан бөлек, баспана кезегін және үй алғандардың кезегін толығымен көруге болады. Ол үшін eGov порталында баспана кезегінде тұрған және үй алған адамдардың тізімін қарау қызметін басу керек. Одан кейін тағы бір бөлім шығады. Мәліметтерді толтыру бөліміне облыс пен ауданды енгізеді. Сосын баспана кезегінде тұрған адамдарды туралы мәліметтерді немесе баспана алған адамдарды туралы мәліметтерді таңдау қажет. Соның нәтижесінде барлық адамның нөмірі мен тізімі шығады.

Айта кетері, әрбір санаттағы адамдардың тізімі бөлек-бөлек жүргізіледі. Көпбалалы аналардың өз кезегі, ал мүгедектердің тізімі бөлек жасалады.

Баспанаға мұқтаждар саны артты

Биыл республика бойынша баспана кезегінде тұрған адамдардың саны 647 мыңнан асты. Бірақ олардың арасында заң талаптарына сай келмейтін азаматтар да аз емес.

  • 96,1 мың адамда соңғы бес жылда үй болған;
  • 533 адам Қазақстан азаматы емес;
  • 91,4 мың адамның тіркеу орны кезекке тұрған аймақпен сәйкес келмейді;
  • 29 мың адамда тіркеу жоқ;
  • 15,6 мың адам базада қайтыс болғандар болып тіркелген.

Осылайша баспана кезегінде тұрған 232 мың адам заң талаптарына сай емес болып шықты. Оларды кезектен шығарып тастайды.

Дегенмен баспана кезегі бойынша үйлер баяу үлестіріледі. Біріншіден, әлеуметтік тұрғын үйлер аз салынады. Екіншіден, заңсыз үй кезегіне қою әрекеттері тыйылмай отыр.

Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде шенеуніктер жүздеген үйді заңсыз өз адамдарына берген. Ондай заң бұзушылықтар Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және тағы басқа облыстарда тіркелді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Баспана кезегіне тұру үшін не істеу керек

«Ұлы дала квартиранттары». Депутат халық баспана алу үшін банк алдында түнеуге мәжбүр екенін айтты

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-6.36 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с