Еліміздің үш қаласында коронавирусқа шалдығушылар қатары артып келеді

ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова еліміздегі коронавирус және қызылша бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында мәлімет берді.

Ведомство өкілі соңғы аптада әлемде КВИ-ге шалдыққандар саны 38%-ға өскенін айтып өтті.

Егер Қазақстандағы көрсеткіштерге келетін болсақ, биылғы жылы КВИ жұқтырудың 10 409 жағдайы тіркелді, 2022 жылмен салыстырғанда, әрине бұл – 38 есе төмен көрсеткіш. Төмендеу бар екеніне қарамастан, мысалы тамыз бен шілде айларын салыстырсақ, 1,5 есе – 233-тен 343 жағдайға дейін өсу деңгейі байқалады. Өсім негізінен Алматы, Астана және Шымкен қалаларында байқалып отыр, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.

Вакциналардың жайына келетін болсақ, Зәуре Ахметованың айтуынша, бүгіндері ол кез келген азаматқа қолжетімді.

Вакциналар бар әрі халыққа қолжетімді. Елімізде 257 мыңнан астам доза бар: Комирнати/Омикрон вакцинасы – 80 мыңнан астам және Sinopharm – 170 мыңнан астам. Бүгінгі таңда біз тағы вакцина сатып алу жайын қарастырып жатырмыз, өйткені халықты қамсыздандыру деңгейі өте жоғары, халықтың 55,9 пайыздан астамы вакциналаудың толық курсын алды. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, бізде 5,8 миллионнан астам адам бастапқы вакциналаудан, 1,5 миллионнан астам адам қайтара вакциналаудан өткен. Яғни, біз жағдайды бақылап отырмыз, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, вакциналардың қосымша дозаларын сатып алу мәселелері қаралатын болады, – деді Зәуре Ахметова.

Комитет төрағасының орынбасары қызылшаға қатысты жағдай көңіл көншітпейтінін айтты. Оның айтуынша, негізінен бұған вакциналаудан бас тарту себеп.

Жыл басынан бері қызылшаның 4 306 жағдайы тіркелді: 70% – вакцина алмаған балалар, оның ішінде вакциналаудан бас тарту – 1700-ден астам жағдай, медициналық қарсы көрсетілімдер – 172 жағдай, егілу жасына жетпеу – 648 жағдай. Вакцина жеткілікті мөлшерде. Бұл ретте қосымша сатып алуды қарастырмаймыз. 2023 жылға 552 мыңнан астам доза сатып алынған, қоймада вакцина көлемі жеткілікті, – деп атап өтті Зәуре Ахметова.

Дереккөз: baq.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-19
Утром1.82 ℃
Днем4.8 ℃
Вечером4.17 ℃
Ночью1.51 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.82 м/с
2025-03-20
Утром-0.75 ℃
Днем4.73 ℃
Вечером5.24 ℃
Ночью2.36 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.2 м/с