БҚО-да шақыру маусымы басталды: 600-ден астам әскерге шақырылушылар ҚК қатарын толықтыруы тиіс, Орал қаласынан 200 әскерге шақырылушы күтілуде
Әкімдер орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысын бастады.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жасақтау бөлімінің бастығы Рифат ЗАГИДУЛЛИН бұл шақыру желтоқсан айының соңына дейін жалғасатынын айтты.
– 31 желтоқсанға дейін Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық гвардия және Мемлекеттік күзет қызметі қатарына 600 — ден астам әскерге шақырылушы қосылады, – деді Рифат Загидуллин.
Оның айтуынша, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар мерзімді қызметке шақырылады.
– Әрине, кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ азаматтар шақырыла алады, – деп атап өтті Рифат Загидуллин.
Ол осы жылдың күзгі шақыруы басталғаннан бері шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мемлекеттік қызметтер болып табылады деп толықтырды. Олар азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. Бұл қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты болып табылады.
Айта кетейік, кез келген адам шақыру туралы ақпарат пен сұрақтарға жауап ала алады, ол үшін қорғаныс істері департаментінде «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселері жұмыс істейді, электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар құрылды.
Мария ДРАЧЕВА
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 1 қыркүйекте әскерге күзгі шақыру науқаны басталады
БҚО-да бұрын әскерде қызмет еткендер әскери жиындарға екі есе көп шақырылған
17 жастағы бозбалалар әскерге шақыру учаскелеріне проактивті режимде тіркеледі
Запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылады – Үкімет қаулысы
Енді 17 жастағы балаларды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі
Қазақстанда кімдер әскерге шақырылмайды – Қорғаныс министрлігі жауап берді
Енді азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырғанда әскери комиссариатқа автоматты түрде тіркеледі