Қазақстандықтардың меншігінде қанша жеке яхта мен ұшақ бар екені белгілі болды

Жеке тұлғалардың меншігінде – 490, ал заңды тұлғалардың меншігінде 176 яхта тіркелген.

фото: forbes.ru

Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта мен ұшақ бар екенін жария етті.

«Қазіргі уақытта елімізде келесі қымбат тауарлардың импорты тіркелді: 0,70 литрі 5 995 968 теңге тұратын «MACALLAN 50YO» вискиі және ликер-арақ бұйымдары (акциздің сомасы – 714 теңге), 3 литрі 4 225 131 теңгеге бағаланатын «Cognac Remy Martin Louis XIII» коньягі (акциздің сомасы — 300 теңге), 0,75 литрі 888 929 теңге болатын «Сhateau Petrus» шарабы (акциздің сомасы — 26 теңге) әкелінді.

Сондай-ақ, 15 данасы 143 100 теңге болатын «Cohiba» сигаралары, 40 данасы 120 000 теңге сомасына «Don Antonio Churchills» сигаралары әкелінді», — деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында деректер келтірілген.

Сонымен бірге, онда қазақстандықтардың иелігенде қанша жеке яхта мен ұшақ бар екені де көрсетілген.

Яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар тобында ғана бар. Жеке тұлғалардың меншігінде – 490, ал заңды тұлғалардың меншігінде 176 яхта, жеке тұлғалардың меншігінде 248 ұшақ, заңды тұлғалардың меншігінде 665 ұшақ бар, — делінген ведомство ақпаратында.

Осыған байланысты құжатта: «Халықтың бай топтары халықаралық тәжірибеге сәйкес бағалы тауарларға көбірек салық төлеуі керек» деп жазылған. Атап айтқанда, бұл мәселенің шешімі ретінде сән-салтанат салығын енгізу ұсынылып отыр.

Дереккөз: HALYQ UNI

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с