Батыс Қазақстан облысының монополистері тұрғындардан негізсіз 247,88 млн. теңге алған

23 субъектіге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді, олар 2023 жылдың 1 тамызы мен 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

Тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді талдау қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің 2022 жылғы 70 есебін қарады, оның ішінде:

— тарифтік сметаларды орындау бойынша -58;

– инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша-12 .

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес монополист субъектілер бекітілген тарифтік смета негізінде инвестициялық бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың толық кешенін жүзеге асыруға және уәкілетті органға есептер беруге міндетті.

Алдыңғы 2022 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау нәтижелері бойынша монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар бойынша шығындар баптарын орындамағаны анықталды.

«Осылайша, бұзушылықтарға жол берген 23 субъектіге қатысты ҚР Ұлттық банкінің 247,88 млн. теңге мөлшерінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен негізсіз табыстың жалпы сомасына уақытша өтемдік тарифтер енгізілді», — деп хабарлады БҚО бойынша ТМРКД басшысы Гүлжаз Қазбекова.

Нәтижесінде, 23 субъектіге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді, олар 2023 жылдың 1 тамызы мен 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

«Енгізілген уақытша өтемдік тарифтердің қорытындысы бойынша тарифтерді төмендету жағына қарай қайта есептеу жүргізілетін болады», — деп түсіндірді БҚО бойынша ТМРКД.

Дереккөз: zhaikpress.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с