Депутаттың баласының арбасын өртеп кеткен бұзақы ұсталды

Алматы полициясы депутат Бақытжан Базарбектің баласының арбасын өртеп жіберді деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталғанын мәлім етті.

Ресми мәліметке сәйкес, жедел іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетері, 8 қыркүйекте Алматыда белгісіз біреу мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің пәтері алдында бесік арбаны өртеп жіберген. Сол кезде Базарбек отбасына белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұксайтын әрекеттердің басталғанын мәлімдеді.

(Тұрғын үйдегі – автор) бейнебақылау камераларын қарадық. Онда белгісіз адамның подъезге кіргенін, кейін баланың арбасын өртегенін көруге болады. Менің ойымша, бұл – провокация. Ол психикалық ауру адам дейтінін (жауаптан босататынын, – автор) жоққа шығармаймын. Алайда провокация менің кәсіби қызметіммен тікелей байланысты деп санаймын, – деді Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Ол соңғы уақытта өзіне қоқан-лоққының тым көбейгенін ашық айтты.

Бұл AMANAT партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары болғанымнан басталды. Біз жер пайдаланушыларға көптеген тексеруді ашық жүргізе бастадық. Оның ішінде көп олигарх бар. Қазір Алматыда және Алматыдағы тау бөктерінде орналасқан көптеген жерді тексеріп жатырмыз. Әрине, біреу мұның бәрін ұнатпайды. Шынымды айтайын, маған қызметімнің салдары болатынын ашық айтып, қоқан-лоққы жасалды, – деді депутат.

Оның айтуынша, өткен аптада Мәжіліс депутаттары «Орман шаруашылығы туралы заңға өзгеріс пен толықтыру туралы» заң жобасын қарауға алмаған.

Бір топ сенатор жобаны Мәжіліс арқылы өткізуге тырысты. Осылайша, олар қауіпті жағдай тудырғысы келді. Мәселе ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін ауылдық елді мекендегі жердің құрамына енгізуге байланысты. Біз мұның артында кім тұрғанын білеміз. Онда жерді сатып алған кейбір адамдар тұр. Кейбір адамдар өз үйлерін заңдастыруға ниетті. Алайда олар (жерлері – автор) қателесіп, ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың құрамына кіріп кетіпті. Біз оларға сот органдарына жүгінуге кеңес бердік. Бірақ біз мұның артында осы учаскелерді сатып алған және депутаттар арқылы қоғам үшін өте қауіпті заң жобасын өткізгісі келетін кейбір күштер бар деп санаймыз. Біз комитет отырысында (заңға) оң қорытынды берген жоқпыз. Ертең комитет бұл заң жобасын қайта қарайды, – деді Бақытжан Базарбек.

Алайда депутат өзіне нақты кімнен қауіп төніп тұрғанын білмейді.

«Қазір AMANAT партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» республикалық комиссиясымен Forbes журналына енген бірнеше олигархтың жерлерін тексеріп жатырмыз. Одан кейін Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде генерал Павел Новиковтің жері бар. Қазір оның жерін тексеруге алғалы отырмыз. Одан бөлек, BI Group компаниясының жерлерін тексеріп жатырмыз. Сондай-ақ жерге қатысты заң жобалары бар. Қауіптің қай жақтан төнгенін білмеймін, оны айта алмаймын», – деді ол.

Сондай-ақ Бақытжан Базарбек полициядан тиісті көмек ала алмағанын да жеткізді.

«Полицейлерден көмек сұрадым. Мен оларға «Қылмыстықтың кодекстің 376-бабы («Парламент депутатының қызметіне кедергі келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғау керек» деп айттым. Алайда полиция бұл баппен емес, бұзақылық (хулиганство) бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп түйіндеді сөзін депутат.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалған әрекет үшін жаза бұдан да қатаң болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром22.49 ℃
Днем31.74 ℃
Вечером31.92 ℃
Ночью26.51 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.73 м/с
2025-07-17
Утром19.12 ℃
Днем27.52 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.13 м/с