Мектепте хиджаб киюге рұқсат беру керек пе: Балаева пікір білдірді

Оның айтуынша, құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді.

Коллаж: Ulysmedia.kz

“Ата заңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз — зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені, білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді”, – деп жазды министр.

Балаева Конституциямыз бойынша мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету екенін атап өтті.

“Сондықтан да, мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын”, – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұл мәселе туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров кез келген діни шектеулер конституциялық құқықтардың бұзылуына алып келетінін мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Ардақ Назаров Қазақстан зайырлы мемлекет екенін еске салып, оның әрбір азаматы заңға бағынуы керегін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейтінін мәлім етті.

Дереккөз: Ulysmedia.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Білім министрі мектептерде хиджаб кию мәселесі жайында: Барлығымыз заң талабын орындауымыз керек

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-20
Утром-11.55 ℃
Днем-9.77 ℃
Вечером-9.14 ℃
Ночью-9.11 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.3 м/с
2026-01-21
Утром-13.17 ℃
Днем-9.8 ℃
Вечером-13.59 ℃
Ночью-16.77 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра1.89 м/с