Оралда балалар үйінің түлектері жасөспірімдер үйінен көшпейміз деп қарсылық білдірді

Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері көшуге қарсылық білдірді.

Фото: «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындарынан

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетовтің айтуынша, аталмыш ғимарат жөндеуге байланысты төрт айға жабылғалы отыр.

Оның сөзіне қарағанда, сол себепті онда тұратындар уақытша басқа жерге көшіріледі.

Заң бойынша «Шаңырақ» үйінде жасы 23-тен асқандар тұрмауы тиіс. Соған қарамастан, жетімдер болғандықтан көпшілігі — сол жастан асып кеткендер.

Бүгін солардың кейбірі «Біз жөндеу біткенде мұнда қайтып кіре алмаймыз, кепілхат жоқ» деп наразылық танытты.

Бірнешеуі ғимараттың төбесіне шығып кетіп, әкімдер келгенше түспейтінін айтты.

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов келіп, мән-жайды түсіндіріп, бәріне де кепілхат берілетінін жеткізді.

«Қазіргі кезде кепілхат дайындалу үстінде. Уақыт жоғалтпас үшін «Шаңырақта» тұратындар бұл жерден көшуге тиіс. Кейбірі көшіп те жатыр», — деді Ө.Қалымбетов.

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов «Шаңырақтың» облыстық білім басқармасының теңгерімінде екенін, онда тұратындарға уақытша жатақхана мен лагерьден орын берілетінін, жөндеу біткеннен кейін бәрі кері оралатынын жеткізді.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-22
Утром20.71 ℃
Днем29.82 ℃
Вечером29.84 ℃
Ночью27.38 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.53 м/с
2026-07-23
Утром24.65 ℃
Днем30.55 ℃
Вечером26.66 ℃
Ночью30 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.56 м/с