Қазақстанда киіктерді атуға ресми түрде рұқсат берілді

Соңғы санақ бойынша еліміздегі ақбөкен саны 2 миллионға жетіп жығылған. Әсіресе батыс аймақтардағы шаруалардың егістігін отап, берекесін алған.

Қазақстанда киіктерді атуға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет қаулысы бір ай бұрын қабылданып қойғанын мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов растады. Бірақ киіктің етін, мүйізін қалай пайдаланатыны әзірге пысықталмаған. Екі жылдан бері созбалаңға салынып келген мәселеге қатысты түпкілікті шешімнің қабылданғанын экология министрлігі әзірге хабарлаған жоқ.

“Хабарым бар. Ресми түрде рұқсат берілген. Осы айдың басында-ау деймін. 300 мыңға жуық киікті атуға болады деген. Бірақ әдісін де, содан кейін етін, мүйізін қайда жіберетінін, қалай пайдаланатыны сол әлі шешілмеген сыңайлы”, – деді мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Соңғы санақ бойынша еліміздегі ақбөкен саны 2 миллионға жетіп жығылған. Әсіресе батыс аймақтардағы шаруалардың егістігін отап, берекесін алғаннан кейін президент жауапты ведомстваға тиісті шешім шығаруды тапсырған-ды. Одан бері салаға жауапты министр екі рет ауысып үлгерді. Экология министрлігі шетелден ғалымдар алдырып, талқылаймыз дегенше, биыл облыс шаруаларына киіктен келген залал 8 миллиард теңгеге жуықтаған. Ақбөкендер 1 миллион 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кетіпті. Қазір тиісті есеп-қисап Үкіметке жіберілген.

“Сол өзінің аумағына жақын үш ет комбинатымен әзірліктері пысықталуда. Бұл үш комбинат тәулігіне 1900 басқа дейін соя алатын мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Тоңазытқыш камералары 4 мың тонналық істеп тұрған. Бұл Жаңақаладағы ет тоңазыту комбинаты және Ақжайық ауданында орналасқан ет сою орны. Енді оның ар жағында өңдеу жұмысы Кублейде. Ертең бұл басталған уақытта сонда өңделетін болады”, – деді БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшин.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с