Көлік салығын алып тастағаннан кейін бензин қымбаттауы мүмкін

Министрлік қозғалтқыш көлемі 4 литрден аспайтын автомобильдер үшін көлік салығын алып тастауды көздеп отыр.

Көрнекі сурет

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын алып тастауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, көлік салығын алып тастау мәселесі сән-салтанатқа салынатын салықпен бірге кешенді түрде талқыланып, қарастырылып жатыр.

«Шынымен де көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы талқыланып жатыр. Бірақ бұл мәселеге мұқият қараған жөн, сол себепті біз саралаймыз. Әзірге көлік салығын қозғалтқыш көлемі 4 литрге немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін алып тастау көзделіп отыр. Қазір қосымша есептеулер жүргізілуде», – деді Әмрин үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көлік салығын бензин құнына ауыстырса, жанармай қымбаттауы мүмкін.

«Біз қазір 80 млрд теңге көлік салығын жинаймыз, 5 млн тонна мұнай өнімдерін тұтынамыз. Егер көлік салығын бензин құнына ауыстырсақ, салықты бензин арқылы шығарып алу үшін бензин бағасы 14 теңгеге өсуі керек», – деп түсіндірді Әмрин.

Оның айтуынша, еліміздегі автокөліктердің 5-7%-і ғана қозғалтқыш көлемі 4 литрден асады. Қалған 95 пайызы қозғалтқыш көлемі шағын автомобильдер.

«Яғни қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Көлік салығы ауыстырылады, бірақ қандай көлемге дейін екені белгісіз. Егер 4 литрге дейін деп алсақ, онда қозғалтқыш көлемі төрт литрден аспайтын барлық автокөлік иесі көлік салығын төлемейді, олар акциз арқылы төлейді»,- деді вице-министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда көлік салығы алынып тасталуы мүмкін

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром14.93 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с