Жолға қалай қаржы құйылса, оған солай жемқорлар да жиыла бастайды – депутат

Жыл сайын жол жөндеуге 500-600 млрд теңге бөлінеді.

Елімізде жол саласына қаржы құйыла бастаса, сол жерге жемқорлар да жиыла бастайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Айтуынша, Қазақстандағы жол сапасының нашар болуының бір себебі – битумның жетіспеуі.

«Мұнайымен мақтанатын елде жол битумының тапшылығы 2022 жылы 200 мың тонна болды. Қазақстанда жөнделген жолға 3 жыл, жаңа жолға 5 жыл кепілдік береді. Бұл – жолдың кепілдігі 15-20 жыл, тіпті 25 жылға берілетін Еуропамен салыстырсақ, тым аз.

Компаниялар мен мемлекеттік мекемелер 3 жыл сайын жолға ақша бөлгізу үшін осындай саясат ұстанып отыр. Жыл сайын жол жөндеуге 500-600 млрд теңге бөлінеді. Елімізде бір шақырым жолды салу құны – 600-700 млн теңге, ал Еуропада бізден 2 есе арзан. Олар 2 есе аз ақшаға 4-5 есе көп жылға шыдайтын жол салады, – деді Қазыбек Иса.

Сондай-ақ депутат жол саласында жемқорлық қаупі жоғары екенін атап өтті.

Қазақстанда жол сапасын екі-үш есе артыратын полимерлер бар. Бірақ оны біздің компаниялар қолданбайды. Себебі оларға жолдың ұзаққа шыдауы керек емес. Жолға жұмсалатын қаржының көптігі қажет. Бұл жол саласындағы жолға қойылған сыбайлас жемқорлыққа жалғасып жатыр. Жол саласына қалай қаржы құйыла бастады, солай бұл жерге жемқорлар да жыйыла бастады…, – деді ол.

Қазыбек Иса жолдың сапасыз болуы салдарынан елімізде көлік апаты жиі тіркелетінін, 52 мемлекеттің ішінде Қазақстан жол апатынан қаза табу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол осы мәселені шешу жолын ұсынды:

  • Министрлік, облыс әкімдіктері, «ҚазАвтоЖол» жолды уақтылы беруге тиіс;
  • Алматыда сәтті пайдаланылған жол сапасын 2-3 есе арттыратын, полимерлер мен адгезиялық қоспалар құны жол сметасына қосылуы керек;
  • Шетелден әкелетін жол полимерлерін Қазақстанда өндіру керек;
  • Сапасы мен төзімділігі жоғары бетон жолдарды көбейту керек;
  • Жол саласыныдағы жолға қойылған жемқорлықты жою қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с