АМӨЗ: Қазақстанның екі өңіріне қатысты газ тасымалында шектеу болған жоқ

АМӨЗ Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына жөнелтілетін сұйытылған газ көлемін қысқартқан емес.

Сурет: Zakon.kz

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «АМӨЗ» ЖШС БҚО және Атырау облысына сұйытылған газды автокөлікпен тасымалдауды шектеді деген ақпарат тарауда. «АМӨЗ» ЖШС бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды, делінген кәсіпорын сайтында.

Жөнелту жұмыстары тұрақты, энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде екендігі де нақтыланады.

«Зауыт тәулігіне 500-550 тонна сұйытылған газ өндіреді. Энергетика министрлігі бекіткен 2023 жылдың қыркүйек айына арналған жеткізу жоспарына сәйкес Атырау облысына 5 064 тонна, Батыс Қазақстан облысына 2 940 тонна сұйытылған газ бөлінген. 13 қыркүйектегі көрсеткішке сәйкес Атырау облысына 3 236 тонна, яғни жоспарланған көлемнің 64%-ы, БҚО-ға 1 288 тонна – 44% көлемінде сұйытылған газ жөнелтілді»,- деді «АМӨЗ» ЖШС.

13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының энергетика басқармасының басшысы Мирас Мұлқай көршілес облыстарға газ тасымалының күрт төмендеуі теміржол бойында жүк пойыздары кезегінің пайда болуымен байланысты екенін айтты.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында көлік жүргізушілер автомобиль бекеттерде сұйытылған газдың жоқтығына шағымданды. Тапшылық осымен екі жыл қатарынан күз айларында орын алуда.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром22.49 ℃
Днем31.74 ℃
Вечером31.92 ℃
Ночью26.51 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.73 м/с
2025-07-17
Утром19.12 ℃
Днем27.52 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.13 м/с