Аудан мен қала әкімдерін сайлау: қазынадан қанша қаржы жұмсалады

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қанша қаржы бөлінгені белгілі болды.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның сөзінше, бұл науқанға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейді.

««Сайлау туралы» Конституциялық заңның 33-бабына сәйкес, қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бүгінгі таңда өңірлердің мәслихаттарының шешімдерімен 2,2 млрд теңге бөлініп отыр», – деді Сәбила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының отырысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, бұл сома алдағы уақытта өзгеруі де мүмкін. Өйткені, кейбір өңірлердің аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттан қосымша қаражат сұраған.

Еске салайық, Қазақстанда 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді.

Кандидаттарды тіркеу 15 қыркүйекте басталып, сайлаудың өзіне 25 күн қалғанда – 10 қазанда аяқталады.

Сайлау науқанының негізгі мерзімінде кандидаттарды ұсынуға 20 күн, кандидаттарды тіркеуге 25 күн қарастырылған. Кандидаттарды тіркегеннен кейін бірден сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады, ол 24 күнге созылады.

Кандидаттарды ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром22.49 ℃
Днем31.74 ℃
Вечером31.92 ℃
Ночью26.51 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.73 м/с
2025-07-17
Утром19.12 ℃
Днем27.52 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.13 м/с