БҚО-ның мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы сотталды

13 қыркүйекте Өскеменнің №2 сотында БҚО бойынша қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болған Мәди Отарбаевқа қатысты үкім жарияланды.

Мәди Отарбаев 361-бап «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сонымен қатар сот Отарбаевқа мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салды.

2016 жылы ол ШҚО құрылыс және сәулет басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде қылмысқа барған.

“Отарбаев «UK STROY GROUP» ЖШС үшін пайда табу мақсатында қызметтің мүдделеріне қайшы, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, «UK STROY GROUP» ЖШС-нің жұмыстарының түрлері мен көлемін нақты орындамағаны, құрылыс материалдарын сатып алмағанын біле отырып, 2016 жылғы желтоқсанда орындалған жұмыстарды қабылдаудың №1 актісіне қол қойды. 2016 жылғы желтоқсандағы орындалған жұмыстың құны мен шығындары туралы анықтама, сондай-ақ құрылыс материалдарының атаулары, саны мен бағалары көрсетілген №1 жауапты сақтау шарты, «Өскеменде арнайы ХҚКО құрылысы» объектісіне арналған қағазға қол қойған, ал олар іс жүзінде жоқ”, – делінген үкімде.

Отарбаев қол қойған орындалған жұмыстарды қабылдаудың №1 актісі негізінде «UK STROY GROUP» ЖШС шотына 149 миллион теңге көлемінде қаражат аударылды, оның 77,8 миллион теңгесі – бюджет қаражаты. Залал толығымен өтелді.

Сот талқылауы кезінде Отарбаев ешқайда кетпеу керек еді. Алайда шенеунік «Қордай» шекара бекеті арқылы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Мәди Отарбаев Қырғызстанға аттанбақ болған. Содан кейін оны қамауға алды, ал үкім жарияланғаннан кейін Отарбаев сот залында қамаудан босатылды. Енді ол пробациялық бақылауда болуы керек, тұрақты тұрғылықты жерін өзгертпеуі керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром23.68 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с