Жемқорлық бойынша сотталған БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары сот үкіміне қарсы шағым түсірді

БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-шенді сот үкімімен келіспей, оған қатысты шағым түсірді.

Ержан Балтаевтың 12 қыркүйекте сот үкіміне қарсы арыз түсірген. Аталған іс бойынша материалдар БҚО-ның апелляциялық сотында қаралатын болады. Алдын ала сот тыңдалымының мерзімі әлі белгіленбеген.

2023 жылдың шілде айының соңында әлеуметтік желіде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. 3 тамызда облыс әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктің «өз міндеттерін дұрыс атқармағаны» үшін жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Ержан Балтаев пен «Aqjaiyq ӘКК» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты қылмыстық істі сотта қарау 2023 жылы 16 тамызда аяқталды. Сот оларды лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Олардың кесірінен мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,9 млн теңге деп белгіленді. Сот үкімімен Ержан Балтаевқа 2500 АЕК немесе 8,6 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Ал Артур Досқалиев 1000 АЕК немесе 3,4 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, ол да өмір бойына мемлекеттік қызметке жолай алмайтын болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ержан Балтаев-сыбайлас жемқорлық үшін сотталатын БҚО әкімінің орынбасары туралы не белгілі

Теріс себептермен жұмыстан шығарылды: БҚО әкімдігі Ержан Балтаевты жұмыстан шығаруды түсіндірді

БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев қызметінен кетті

Мемлекеттік қызметке өмір бойы тыйым салу: БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарына үкім шығарылды

БҚО әкімінің орынбасарына прокурор 8,6 млн теңге айыппұл салу сұрады

БҚО әкімінің бірінші орынбасарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода не туралы сұрауға болады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-17
Утром18.34 ℃
Днем26.95 ℃
Вечером20.71 ℃
Ночью18.5 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.23 м/с
2026-06-18
Утром16.07 ℃
Днем24.2 ℃
Вечером25.36 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.78 м/с