БҚО-да Антикор волонтерлары жоғары бағамен мемлекеттік сатып алудың алдын алды
Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері тоғыз миллион теңгеге артық төлеммен Мемлекеттік сатып алудың алдын алды.

Волонтерлармен мемлекеттік сатып алу веб-порталының мониторингі барысында тауарларға сатып алу бағасын көтеру фактілері анықталды,- деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз орталығы.
Бәйтерек аудынының мәдени-демалыс орталығы жалпы сомасы 13 млн теңгеге, 1 300 000 теңге бағамен 10 дана микшерлі консольды сатып алуды жоспарлаған болатын.
Алайда аталған тауардың бағасы 126 579 теңгені құрайды.
Волонтерлардың бастамасымен Департамент ұсынымдар енгізді, нәтижесінде Орталық тауардың бағасын қайта қарап, 9 202 630 теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланылуына жол бермеді.