Батыс Қазақстанда ағашқа соғылған жүк көлігі жанып кетті
Жүк көлігіне киім-кешек тиелген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 14 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған.

«Сағат 16.31-де Ленин көшесі 2-мекенжай тұсында 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Volvo автокөлігі ағашпен түйісіп, сосын отқа оранған. Жүк көлігіне киім-кешек тиелген. Тілсіз жау сағат 18.18-де оқшауланып, 21.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департамент құрылымдарынан 19 адам 4 техникамен барды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.
