Батыс Қазақстанда әскери жаттығулар өтті

Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдың 4-13 қыркүйек аралығында 99250 әскери бөлімі базасында запастағы жеке құраммен әскери дайындық өткізілді.

Оқу-жаттығу дабылы бойынша жергілікті әскери басқару органдары мен Бөрлі ауданы әкімдігінің іс-қимылдарына дайындық жұмыстары басталды. Жиналыс пунктіне жедел түрде әскери міндеттілер келіп, қажетті нұсқаулықтар мен ережелерді алып, әскери жасақтарға қабылданып, Ақсай қаласынан Орал қаласына қарай марш жасады.

Келгеннен кейін әскери киімдер мен құрал-жабдықтарды алған әскерилер жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындыққа кірісті.

Айта кету керек, оқуға шақырылғандардың барлығы әскер қатарында қызмет етті және олардың әрқайсысының артында әскери қызметке тез бейімделу үшін қажетті тәжірибе мен дайындық бар. Түнгі дабылдар, таңғы уақытта тұру, толық құраммен ұзақ мерзімді міндетті марштар, кенеттен берілген командалар, атыс алаңында оқ ату, күрделілігі әртүрлі жауынгерлік дайындық тапсырмалары әскери борышын өтеп жүргендердің дене бітімінің жақсы екенін және кез келген уақытта дайын екендігін тағы бір мәрте көрсетті.

Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен барлық әскерге шақырылғандар ұрысқа қажетті білімдерін, дағдыларын тағы да шыңдай түсті. Әскери дайындыққа қатысушыларға Кавказдағы және Украина аумағындағы әскери қақтығыстар тәжірибесіне сүйене отырып, ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа әдістеріне үйретілді. Қалалық жерлерде және орманды-дала аймақтарында ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен ұшқышсыз ұшақтармен күресу әдістемелері қолданылды.

Дереккөз: Оrda.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером30.99 ℃
Ночью22.09 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с