Алаяқтық, ұрлық, есірткіні заңсыз айналдыру: Жұмыссыз адамдар қандай қылмыстарды жиі жасайды?

Биыл қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша, қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар арасында 30,1 мың жұмыссыз бар.

Ашық дереккөзден

Бұл көрсеткіш былтырғыдан 5,1% аз. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Оның ішінде 5,5 мың азамат теріс қылық жасаса, 24,6 мың азамат қылмыс жасаған. Осы 24,6 мың адамның 10,7 мыңы – орташа ауырлықтағы қылмыс, 8 мыңы – ауыр қылмыс, 5 мыңы – онша ауыр емес қылмыс, 959-ы – аса ауыр қылмыс жасаған.

Заңды бұзатын жұмыссыздардың саны жылдан жылға азайып келеді.

Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жұмыссыздардың ең көбі Алматы қаласында болды: 5 мың адам. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 27% артық.

Одан кейін Астана (3 мың адам, 5,8% көбейген) және Алматы облысы (2,4 мың, 40,7% азайған) тұр.

Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (239 адам), Абай (710 адам) және Қызылорда (781 адам) облыстарында тіркелді.

Жұмыссыздар арасында ең «танымал» құқық бұзушылық түрлерінің ішінде алаяқтық (3,7 мың адам, 13,9% көбейген), ұсақ ұрлық (3,1 мың адам, 7,1% азайған), өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз айналдыру (1,6 мың адам, 6,9% азайған) және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (1,2 мың адам, 8,4% көбейген) бар.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с