Батыс Қазақстан облысында ит төрт жасар баланы талап тастады

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ит төрт жасар балаға шабуыл жасап, оның шап аймағынан тістеп алды.

Фото: pixabay.com

Балаға шабуыл жасаған ит оны ауыр жарақаттаған. Дәрігерлер баланың шап аймағының жыртылуы және жамбас сүйегінің жарақаты деген диагноз қойды. Жәбірленушіге ота жасалып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды «Мой город».

Белгілі болғандай, балабақшадан кейін үй жағындағы аулада ойнап жүрген 4 жасар бүлдіршінге көршісінің иті тарпа бас салған. Қабаған ит баланың шабынан қауып, терісін жыртып жіберген. Соның салдарынан баланың жыныс мүшесі мен сан сүйегі зақымданған.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балаға хирург дәрігерлердің шұғыл көмек көрсеткенін мәлімдеді.

«Балаға құтырмаға қарсы вакцина салынды. Содан кейін дәрігерлердің сүйемелдеуімен сәби облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөліміне жеткізілді. Балаға күрделі ота жасалып, мамандардың бақылауына алынды. Дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр», — делінген хабарламада.

Полиция ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 бабы «ҚР жануарларға жауапкершілікпен қарау заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Ал иесі үй жануарының көзін жою туралы өтініш жазған. Полицияның айтуынша, баланы «сенбернар» тұқымды ит қапқан, оның екпе салынған төлқұжаты болғанымен, әлі чип салынбағаны анықталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-12
Утром-4.87 ℃
Днем-1.99 ℃
Вечером-0.55 ℃
Ночью0.28 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.48 м/с
2025-12-13
Утром0.22 ℃
Днем0.84 ℃
Вечером0.8 ℃
Ночью-3.14 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра7.53 м/с