Былтырғыдан 227% көп: Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны күрт өсті

Елімізде жұмыссыздар саны көбейе түскен.

көрнекі фото: livejournal.com

Жұмыс іздеуге арналған hh.kz порталы таратқан мәліметке сүйенсек, тамызда республика бойынша 240 мыңнан астам адам жұмыс іздеген.

«2023 жылдың тамызында Қазақстанның 240 мыңнан астам тұрғыны hh.kz сайтынан жұмыс іздеді. Бұл өткен жылдың тамызындағы көрсеткіштен 227 пайызға көп, ал осы жылдың шілдесіндегі көрсеткіштен 12 пайызға аз. Тамызда жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі студенттер мен мектеп оқушылардың жазғы уақытта жұмыс іздеу маусымының аяқталуына байланысты», – делінген хабарламада.

Тамызда жұмыссыздар көбіне оқытушы, мұғалім, сату жөніндегі менеджер, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы-кеңесші, сатушы-кассир, жүргізуші, әкімші, бухгалтер мамандықтары бойынша бос орындарды іздепті.

Айта кетейік, ресми статистика бойынша елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен. Сондай-ақ, шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп.

Сондай-ақ, елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.99 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с