Оралда мас жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 14 жастағы қызды қағып кеткен
14 жасар қыз бала ауруханаға жатқызылды, жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Қайғылы оқиға осы жылдың 17 қыркүйегінде болды. «Renault DUSTER» автокөлігінің 48 жастағы мас жүргізушісі, «Орал-Ақ бор» автожолымен жүріп келе жатып, Шлагбаум аялдамасының жанында (Құс фабрикасы ауданы) 14 жасар қызды қағып кеткен. Жасөспірім реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдан өткен, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы.
Сонымен қатар, БҚО есірткіге мас күйіндегі құқық бұзушылықтар саны бойынша бірінші орында тұр, — деп хабарлады ІІМ.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында 270 ЖКО тіркелді, онда 59 адам қаза тауып, 344 адам жарақат алды.
Өткен жылдың осы кезеңінде 213 ЖКО тіркеліп, 68 адам қаза тауып, 262 адам жарақат алған.
Мария ДРАЧЕВА
