Қамқоршылар балаға Kaspi Gold аша алады

Қорғаншылар мен қамқоршылар қамқорлығындағы балаға Kaspi Gold аша алады.

Бұрын балаға арналған Kaspi Gold-ты тек анасы немесе әкесі ғана аша алатын. Kaspi.kz Ағарту министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп қызметті қорғаншылар мен қамқоршылар үшін де қолжетімді етті.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз балаға арналған Kaspi Gold-ты қорғаншылар да қамқорлығындағы балалар үшін аша алатынын қуана хабарлаймыз. Командамыз Ағарту министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен ынтымақтаса отырып, қысқа мерзімде осындай онлайн сервис жасап шығарды. Балаға арналған Kaspi Gold-пен балаларға жұмсауға қажетті ақшаны аударуға, балаға қаржылық сауаттылық негіздерін үйретуге болады. Сүйікті клиеттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс!»

ҚР Ағарту вице-министрі Айбат Ильясов:

«Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігі мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматқа көшіру жұмысын жалғастыруда. Kaspi.kz-пен бірлесіп біз қорғаншылар мен қамқоршыларға қағаздағы анықтамаларды қосымша ұсынбай-ақ, балаларға арналған Kaspi Gold ашуға мүмкіндік беретін қызметті іске қостық. Қызметтің онлайн режимде қолжетімді болуы оны алуды оңайлатады және азаматтардың қызмет көрсетушілермен байланыс жасауын талап етпейді».

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин:

«Екі жыл бұрын ҚР Цифрландыру министрлігінің бастамасымен біз мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, соның ішінде банктік қосымшаларға шығара бастадық. Бүгінгі таңда кейбір қызметтердің eGov-пен салыстырғанда кеңінен танымал болып отырғанын көріп отырмыз. Ақпараттық жүйелердің біріктірілуінің арқасында Kaspi.kz қосымшасында қызмет саны артып жатыр, енді міне қорғаншының балаға банктік карта ашу мүмкіндігі пайда болды, осылайша біз бизнестің дамуына және азаматтардың өмір сүру жағдайының жақсаруына мүмкіндік береміз».

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

1 × 5 =

x
2024-03-03
Утром-14.95 ℃
Днем-11.22 ℃
Вечером-9.17 ℃
Ночью-14.71 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.02 м/с
2024-03-04
Утром-17.29 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.57 ℃
Ночью-14.26 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.29 м/с