Қазақстанда айлыққа салынатын жеке табыс салығы қайта қаралып жатыр

Жеке тұлғалар үшін тосын ештеңе болмайды.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қарапайым қазақстандықтар төлейтін салықтың қай түрі өзгеретінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі жазды.

«Жеке тұлғалар үшін тосын ештеңе болмайды. Салық жүктемесі сол күйінде қалады деген жоспар бар. Мысалы, 2000 жылдары әлеуметтік салық жүктемесі 29% деңгейінде болса, қазір 9%. Айлыққа салынатын жеке табыс салығы қайта қаралып жатыр», – деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, ол пассивті табыс салығына прогрессивті шкала қалай қолданылатынн түсіндірді.

«Біз жеке табыс салығын саралауымыз мүмкін. Яғни, акциялар мен облигациялар, басқа да құнды қағаздар сияқты пассивті табыстың салығы көлеміне қарай өсіп отырады. Пассивті табыстың құны неғұрлым жоғары болса, салығы да жоғары болады. Мысалы, пассивті табыс құны 100-150 миллион теңгеден артса, салық мөлшері 15% болады. 200 миллион теңгеден жоғары болса, салық мөлшері 20%  болады. Мұның орта санаттағы азаматтарға қатысы жоқ», – деді ол.

Дереккөз: Informburo.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер тізімі кеңейтілді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром7.47 ℃
Днем16.47 ℃
Вечером18.86 ℃
Ночью12.23 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.75 м/с
2024-09-19
Утром8.55 ℃
Днем20.11 ℃
Вечером19.58 ℃
Ночью13.95 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.35 м/с