Оралда африкалық сылқым интим-қызмет көрсетіп келген
Батыс Африка азаматшасы БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген.

БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда Африка азаматшасы жұмыс істеген. Орал тұрғыны 24 жастағы африкалық бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасы хабарлады.
14 қыркүйек күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “STOP-Трафик“ жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 ж.т. Орал қаласының тұрғынын анықтады.
Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 ж.т. бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған.
ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.