Ресейден Түркияға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Орал қаласына қонды: бортында қыз қайтыс болды
Қазаннан Антальяға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оралға қонды. Әуе кемесінің бортында 17 жасар қыз өзін нашар сезінген-бірақ, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Flightradar24 сервисінің деректеріне сәйкес, TK 3995 рейсімен ұшқан Turkish Airlines авиакомпаниясының ұшағы 17 қыркүйекте Ресейдің Қазан қаласынан Түркияның Антальясына бет алды.
Алайда, сағат 12:43-те борт Орал әуежайына қонды.
SHOT Telegram арнасы жазғандай, бортта анасы мен әжесімен бірге демалуға ұшқан 17 жасар қыз болған. Ұшу кезінде ол ауырып, есінен танып қалды.
Бортта жолаушыны реанимациялауға тырысқан екі дәрігер болғаны атап өтілді-олар оған жүрек массажын және жасанды тыныс алу жасаған, бірақ бұл көмектеспеді.
«Сол рейстің жолаушылары SHOT-қа айтқандай, олар жедел жәрдем көлігін 40 минут күтті. Нәтижесінде қыз қайтыс болды. Ұшақ ұшуды жалғастырмас бұрын Қазақстанда шамамен төрт сағат тұрды», – деп жазады арна авторлары.
Сондай-ақ, олардың ақпараты бойынша, жасөспірімнің өлімінің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшақтың кәмелетке толмаған жолаушысы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.
«Шақыру БҚО, Орал қаласы Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдан сағат 16:02-де келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы Қонаев шағын ауданынан шығып, сағат 16:17-де келді. 2006 жылы туған кәмелетке толмаған, Татарстан Республикасының тұрғыны церебральды сал ауруымен ауырған», – деді ведомствода.
Әуе кемесінің бортында үш дәрігер болғандығы атап өтілді. Олар 45 минут ішінде реанимациялық әрекеттер жасады, бірақ нәтиже болмады.
Дереккөз: nur.kz