Қазақстанда жыл сайын бензин бағасы 15-20 теңгеге көтеріледі

Бензин мен жанар-жағармай құны кез келген жағдайда қымбаттайды, себебі бензин құны еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі бағамен теңестірілуі қажет.

Сурет ашық дереккөзден

Соңғы аптада «кейбір көліктер үшін салық алынып тасталады» деген ақпарат темір тұлпар тізгіндегендер талқылайтын негізгі тақырыпқа айналды. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Көлік салығын бензиннің акциздік құнына қосуды ойластырып жатырмыз» деген министрлік өкілінің пікірін жоққа шығарды.

Оның айтуынша, салықты қысқарту мен акцизді бағасын арттырудың бір-біріне қатысы жоқ. Баға көтерілсе, Қазақстан нарығындағы жанармай құнын еуразиялық экономикалық одақ елдердегі бағамен теңестіру үшін ұлғайтылады.

«Ресей мен Қырғызстандағы нарықпен айырмашылық 50 пайыздай. Сондықтан, біздің жанармай мен бензин сыртқа шығарылып жатыр. Осыдан бізде тапшылық пайда болады. Әрі бізде бензин акцизі жыл сайын біртіндеп 15-20 теңгеге көтеріліп отырады. Қандай жағдайда да 2024-2025 жылдары бұл акциз өседі», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, көлікті салықтан босату туралы ұсыныс автокөлігі бар, бірақ оны пайдаланбайтын адамдардан түскен. Яғни, машинасын жиі қолданбайтындар салық та төлегісі келмейді. Ал күнкөрісі, жанбағысы тікелей көлікпен байланысты адамдар салықтан не бәрін бірдей босату қажет, не бәрін қаз-қалпында қалдыру керек деп санайды. Салық кодексіне қатысты өзгерістер мұнымен бітпейді. Енді қосымша табысқа да салық салынуы ықтимал. Бірақ министр бұл түзетудің табысы орташа қазақстандықтарға қатысы жоқ екендігін айтты.

Дереккөз: Informburo.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Көлік салығын алып тастағаннан кейін бензин қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда көлік салығы алынып тасталуы мүмкін

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с