Батыс Қазақстанда 175 тонна шөп өртенді
Шөп 700 бума болған.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинное кентінде 175 тонна қысқа дайындалған шөп жанып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 19 қыркүйекте болған. «Алижан» шаруа қожалығының қысқа қамдаған шөбі бір сәтте жанып кеткен.
«Сағат 16:37-де 101 пультіне шаруа қожалығының қорасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шамамен 300 шаршы метр алаңда бөлек тұрған 175 тонна мая етіп үйілген пішен өртеніп жатқанын анықтады», – дейді ведомство.
Шөп 700 бума болған. Тілсіз жау түн ауа сағат 00:20-да толық өшірілген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, дейді өрт сөндірушілер.
Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда шөп жинау және ірі жемшөп дайындау бойынша ауылшаруашылық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жұмыс уақытына келетін ыстық, құрғақ және желді ауа-райы, ауыл шаруашылығы техникасы мен жанар-жағармай материалдарының көп мөлшері өрт қауіпті жағдай туғызады.
- Өрт жем жинау техникасына, тракторларға, автомобильдерге және өздігінен жүретін шассилерге жанар-жағармай құюдың белгіленген ережелерін бұзудан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және басқа да тез тұтанғыш және жанжанғыш сұйықтықтар үлкен қауіп төндіреді.
- Өртте және шабындықтарда өрттің себептері тұтану жүйесіндегі, ауыл шаруашылығы агрегаттарының пайдаланылған құбырларынан ұшқындар, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштер болмаған кезде, агрегаттардың тораптарында жиналған сабан массасының үйкелісі болуы мүмкін.
- Өрттің пайда болуын болдырмау және материалдық құндылықтардың жойылуына жол бермеу үшін негізгі ережелерді сақтау қажет.