Назарбаевтың есімі Орал бас даңғылында әлі алты жыл тұрады
Бүгін қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Орал қаласының басты көшесіне бұрынғы Достық атауын қайтару туралы ұсынысына жауап берілді. Мәслихат төрағасы Есентай Қалиев оған «Тілдер туралы» ҚР Заңына сәйкес қала көшелеріне жаңа атаулар соңғы рет өзгертілгеннен кейін 10 жыл өткен соң ғана берілуі мүмкін екенін айтты.

Мақсат Айсаутов мұндай жауаппен келіспейтінін айтып, өз ұсынысын жалғастыра беретінін білдірді.
«Сонымен қатар, мен алтыншы шағын аудандағы жаңа алаңның атауын өзгертуді талап етемін», — деді ол «ОА» журналисіне.
Депутат алдыңғы сессияда сөйлеген сөзінде мәслихаттың ескі құрамы депутаттарының Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Достық даңғылының атауын өзгерту туралы шешімі қате болғандығын негіздеді.
— Бұл оның еңбегіне сәйкес келмейді, – деді депутат. — Көптеген қала тұрғындары даңғылдың бұрынғы Достық атауын — қайтару керек деп санайды. Осындай талаппен петиция өткен жылы Интернетте пайда болды, оған бірнеше мың Орал тұрғындары қол қойды.
Орал бас даңғылы 2019 жылдың наурыз айында қайта аталды. Сол мәслихат құрамының депутаттары бірауыздан даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге дауыс берді.
Айта кетейік, әлеуметтік желілердегі «ОА» сауалнамаларында облыс тұрғындарының 80% – ы депутаттың Орал бас даңғылына бұрынғы атауын қайтару туралы ұсынысын қолдады.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Депутат Назарбаевтың есімін Орал бас даңғылынан алып тастауды ұсынды
«Халықтан ешкім сұраған жоқ»: Орал тұрғындары Достық даңғылын Назарбаев даңғылына ауыстыру туралы
Оралда орталық Достық даңғылы енді Нұрсұлтан Назарбаев деп аталады