Қазақстанда қандай тақырыптарда петиция жариялауға болмайды
Қазақстанда сенаторлар бірінші тыңдалымда «Қоғамдық бақылау туралы» заңды мақұлдады.

Заңда елде петиция жариялау реті көрсетілген. Сенатор Руслан Рүстемовтің сөзінше, аталған заң бұдан бөлек қоғамдық қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың мемлекет істерін басқаруға араласу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Сондай-ақ сенатор Қазақстанда петиция жариялауға болмайтын тақырыптарды атады.
«Басқару формасын өзгерту, Республиканың шекарасы мен әкімшілік-аумақтық құрылымы, сот төрелігі, амнистия, ұлттық қауіпсіздік пен өзге тақырыптарда петиция жарияланбайды. «Тыйым салынған» тақырыптар тізімі Конституциялық және қылмыстық құқық, Референдум туралы заң аясында дайындалды», – деді Рүстемов.
Егер петициядағы сауал әкімдік құзыретінде болса, аудан деңгейінде халық саны 50 мыңнан асуы керек. Ал қол қойғандар саны 2,5 мыңнан асуы міндетті.
Егер сауал мәслихат құзыретінде болса, аудан деңгейінде халық саны 50 мыңнан асып, 5 мыңнан аса адам қол қоюы керек.
Облыс деңгейінде (сауал әкімдік құзырында болса) қол қойғандар саны жалпы аймақтағы жалпы халықтың 1%-на тең болуы мідетті.
Республика деңгейінде (сауал үкіметтік құзырында болса) петиция кем дегенде 50 мың қол жинауы қажет.
Дереккөз: stan.kz