Республика күні: биыл мереке ұлттық нақышта тойланады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз жұмысын ұлттық құндылықтарды насихаттауға қарай бұрмақ. Бұл ретте басқарма жанынан дін мен дәстүр бөлімі құрылды.

Басқарма ұлттық мереке – Республика күніне орай бірқатар ұлттық дәстүрді насихаттайтын шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Атап айтқанда, Орталық мешіт ауласында киіз үйлер тігіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылмақ. Балаларға арнап батут пен ойын әткеншектері қойылып, бүлдіршіндерге «Балаларға базарлық» тәттілерін мешіт алаңында таратылып, ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкелері өткізіледі.

«Ұлттық мерекеміз Республика күніне орай арнайы мерекелік ролик әзірлеп, мешіттер ауласында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қолөнер өнімдері, каллиграфия көрмелерін жасау, мешіттер ауласында, саябақтарда жамағаттың көмегімен сенбілік жасау, еріктілердің көмегімен қарт кісілерге азық-түлік себеттерін үлестіруді тапсырамын. Ең үлкен шарамыз – Бас мешітте «Республика күніне орай Құран Кәрімді жатқа оқудан І Халықаралық байқау» өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салайық, алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-11.67 ℃
Днем-8.35 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с