600-ге жуық қазақстандықтан коронавирустың ауыр түрі анықталды

Бұл туралы ҚР ДСМ Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова елордада өтіп жатқан респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияда айтты.

Биыл 4 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Жыл басынан бері 8 айдың ішінде коронавируспен ауру деңгейі 8,9 есеге төмендеді. Қазіргі уақытта бұл диагноз негізінен зертханалық талдаулар нәтижесіне сәйкес қойылады. Зертханалық тексеру кезінде клиникалық сипаты ауыр жағдайлар өте аз. Жыл басынан бері ондай жағдайдың 564 дерегі тіркелді, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол коронавирусқа қатысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан зерттеу шаралары тоқтаған жоқ деп отыр.

Коронавирусқа байланысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан біз вирус штамдарының мутациясын зерттеуді тоқтатқан жоқпыз. Ал елде жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы иммундау шаралары қолға алынады. Екпе егу қазанның бірінен басталады, – деді Роза Қожапова.

Еске сала кетейік, бұған дейін эпидемиолог Мейірім Сұлтанова биыл елімізде эпиджағдай күрделі болуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Дереккөз: BAQ.KZ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с