Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері және «Лада Грантаның» 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Батыс Қазақстан облысының «Орал-Кирсанов» тасжолында жол апатынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйек сағат 12:00 кезінде болған.
«ВАЗ-2112» және «Лада Гранта» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және «Лада Гранта» автокөлігінің 2 жолаушысы, барлығы 4 адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. «Лада Гранта» көлігінің тағы бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды», – дейді ведомство.
Жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.