Атырау мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылады – бензин бағасы өзгере ме

Ресейлік бензиннің бағасы шамамен 20 процентке қымбат болады.

Энергетика министрлігі 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылатынын мәлімдеді. Сол кезде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, мұнай жөндеу зауытында күрделі жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты зауыт бір айға 1 қазаннан 3 қарашаға дейін жабылады. Ол кезде дизельді отын мен АИ-92 маркалы бензин тапшылығы болмайды. Бірақ АИ-95 маркалы бензиннің жетіспеушілігі сезілуі мүмкін. Сол кезде қосымша өнімді Ресейден жеткізуге болады.

«Қазан айында АИ-95 маркалы бензиннің 65 мың тоннасы өндіріледі деген жоспар бар. Ал тұтыну көлемі 85 мың тоннаны құрайды. Дәл осы айырмашылықты Ресейден алып келуіміз мүмкін. Бірақ бұл нақты емес. Себебі қыркүйек айынан қалатын бензин осы кезеңнен қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді», – деді Ақкенженов журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, ресейлік бензиннің бағасы шамамен 20 процентке қымбат болады.

«Қазақстандықтарда таңдау болады. Отандық бензин және ресейлік бензин ұсынылады. Ондай жағдай Алматыда болған. Сол кезде Газпром ресейлік бензинді алып келіп, екі түрлі баға қойған болатын», – деп атап көрсетті вице-министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром20.99 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с