Әсіресе 11 жасар балалар: Қазақстанда буллингтен қанша бала зардап шегіп жүр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша бала буллингке ұшырайтынын және оларға қалай көмектесу керек екенін айтты.

фото: dszn.ru

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда балалардың 17,5%-ы мезгіл-мезгіл буллингке ұшырайды. Cауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8%-ы айына 2-3 рет айналасындағылардың тарапынан оларға қарсы қоюды және қорқытуды бастан кешіреді, 11-15 жастағы балалардың 14,1%-ы өз құрдастарына қатысты буллингке қатысқанын мойындады. Мұндай деректер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жүргізген оқушылардың өз денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын бағалау және мониторингілеу бойынша 2022 жылғы ұлттық зерттеу нәтижесінде алынды.

Бұл ретте, сауалнама барысында анықталғандай, ұлдардың арасындағы буллингке қатысу көрсеткіштері қыздарға қарағанда жоғары. Буллингке ұшырағандарының ең жоғары үлесі 11 жастағы балалардың арасында болады және олар 15 жасқа толған сайын төмендейді. Егер былтыр 11 жастағы ұлдар мен қыздардың арасында буллингке ұшырағандарының үлесі (кемінде 2-3 рет) 17,7%, ал 2018 жылы – 14% болды. Бұл балалардың арасында буллингке ұшырағандарының 3,7% өсуін білдіреді.

«Буллингтің профилактикасы үшін ерте араласу өте маңызды, бала зорлық-зомбылықпен жалғыз қалмауы керек. Мұнда мұғалімдердің мұқияттылығы мен ұстанымы, ата-ана мен баланың арасындағы сенімді қарым-қатынас өте маңызды. Өкінішке қарай, бұл жаралаушы тәжірибенің салдары бар және депрессия мен суицидтік ойларға дейін балалардың психикалық денсаулығына терең теріс әсер етуі мүмкін»-, деп жазады Денсаулық сақтау министрлігі.

Баланың буллингке ұшырағанының белгілері:

  • зейін қою проблемалары, депрессия, көңіл-күйінің болмауы, ашуланшақтық, сенімсіздік сезімі, сезімталдықтың жоғарылауы, асқазанның ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы, әлеуметтік байланыстардың жоқтығы, қорқыныш белгілері болуы мүмкін, мысалы, кеуде тұсындағы қысым, терлеу, арқасының, желкесінің, бұлшықеттерінің ауыруы, ұйқының бұзылуы.

«Егер сіз балаңызда осындай белгілерді байқасаңыз, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Ең әуелі мұғалімдерге хабарлау қажет және бұл мәселені психологтарды және қажет болған жағдайда ювеналды инспекция қызметкерлерін тарта отырып, бірлесіп шешу керек. Буллинг – бұл басқаны қорқытуға және сол арқылы оны өзіне бағындыруға бағытталған жүйелі қарсы қою, қорқыту, физикалық немесе психологиялық террор. Бұл саналы қиянаттың ұзақ процесі», – делінген министрлік хабарламасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с